USD530.24EUR543.97RUB5.16

Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды

Кеше 16:50
14 қаңтарда Семей қаласында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев төрағалығымен Абай облысы ҚХА этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен этномедиация институтын дамыту перспективалары қаралды.
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды

Отырыс Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай және «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ұйымдастырылды. 

Кеңесте толеранттылықты және мәдени әралуандылықты бала кезден бастап тәрбиелеудің маңыздылығы ерекше атап өтілді. ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының этномедиация мәселелері бойынша үйлестірушісі Инара Раһимзаде бұл бағдарламаларды мектепке дейінгі мекемелерден бастап енгізуді ұсынды.

Ішкі саясат басқармасының басшысы, білім беру жүйесінің, құқық қорғау органдарының және еңбек инспекциясы саласының өкілдері баяндама жасап, этномедиация жобаларын жүзеге асырудағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, 2025 жылы ҚХА-ның мерейтойына арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды.

Отырыс қорытындысында қатысушылар Абай облысында этномедиация институтын дамыту бойынша алдағы қадамдарды талқылады. Этномедиацияның этносаралық қарым-қатынастарды нығайту мен қоғамдық келісімді сақтау ісінде маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar