Мектепте 71 оқушы оқиды. Сонымен қатар мектепалды даярлық тобы мен шағын орталық жұмыс істеп тұр. Ағымдағы жылы бюджеттен мектептің инфрақұрылымын жөндеуге және жаңартуға қаражат бөлінді. Терезелер ауыстырылып, сумен жабдықтау, кәріз және желдету жүйелеріне, спорт зал мен киім ауыстыратын бөлмелерге жөндеу жүргізілді. Жарықтандыру жаңартылып, жылыту жүйесі ішінара жаңғыртылды. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін кедергісіз қолжетімділік қамтамасыз етілді, Сонымен қатар, өткен жылы құны 5,5 млн теңгеге физика кабинеті жабдықталды.
Мектеп директоры аймақ басшысына білім мекемесін аралата жүріп, өзекті мәселелерді де ортаға салды.
"Білім – бұл біздің болашағымыздың негізі. Біздің міндетіміз – балаларға білім алу үшін қолайлы және заманауи жағдай жасау. Білімге инвестиция салу - бұл аймақтың болашағына инвестиция. Дәл осы оқушылар бірнеше жылдан кейін біздің экономикамызды дамытып, ғылым, мәдениет және әлеуметтік саланы өркендететін болады. Сондықтан мұндай жобалар әрдайым біздің назарымызда", -деді әкім.
Осыған байланысты өңір басшысы облыстық Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев пен аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаевқа тиісті тапсырмалар берді.