- Жыл басынан бастап Департамент 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін ТМС бөлінісінде коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету арқылы тұтынушыларға қаражатты қайтаруды көздейтін уақытша өтемдік тарифтерді енгізді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған кірістердің жалпы сомасы - 419 738,38 млн.теңгені құрады, - дейді Әлі Әбутәліпов.
2023-2024 жылдарға арналған «инвестицияларға айырбастау тарифі» жаңа тарифтік саясатына көшуді қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасын әзірлеп, бекітілген. Тапсырманы орындау мақсатында 2024 жылы тарифтік саясатты реформалау шеңберінде жөндеу жұмыстарын ұлғайту және статистика деректері бойынша өңірдегі орта салалық деңгей бойынша қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін жаңа инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізілген.
- Абай облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тариф қаражаты есебінен жалпы сомасы 224 256,85 млн.теңгеге қосымша инвестициялар тартылды, оның ішінде: сумен жабдықтау және су бұру саласына - 214 317,95 млн. теңге; электр энергиясын беру саласына – 9 938,9 млн. теңге болды, - деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, 2024 жылы уәкілетті орган бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге ТММ өтінімдері негізінде 19 тарифтік смета бекітілген екен. Соның аясында өндірістік персоналдың жалақысын өңірдегі орташа деңгейге дейін арттыру туралы шешім қабылданыпты.