Кездесуге Абай облысының экология департаментінің өкілі қатысып, өңірдің негізгі экологиялық мәселелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ең өзекті мәселелердің қатарында қалдықтардың көбеюі, көғалдандыру мәселесі мен су айдындарының ластануы бар. Сарапшы бұл мәселелерді шешуге тұрмыстық қоқыстарды сұрыптау және көгалдандыру акцияларына өңірдің әрбір тұрғынының белсенді қатысуымен ғана мүмкін болатынын баяндады.
Іс-шара барысында қатысушылар экологияның өзекті мәселелерін талқылады. Студенттер Ертіс жағалауын тазарту бойынша еріктілер акцияларын ұйымдастыру және экологиялық мәдениет негіздерін үйрету үшін онлайн-платформа құру сияқты нақты бастамаларды ұсынды. Сондай-ақ, қалдықтарды қайта өңдеу шеберлік сағаттары, ағаш отырғызу акциялары және тұрғындар үшін ашық дәрістер кіреді.
Жастарға экологиялық білім берудегі білім беру мекемелерінің рөліне ерекше назар аударылды. Жиынға қатысушылар экологиялық тәрбиені ерте жастан бастап, оқу-тәрбие үрдісіне енгізу керектігін атап өтті.
«Таза Қазақстан» бағдарламасына жыл басынан бастап 118 850 адам, оның ішінде 3 646 ұйым мен мекеме өкілдері қатысты. Жұмысқа 2 127 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 105 209 аула тазартылып, қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарына 55 169 тонна қоқыс шығарылды.
Облыс бойынша 239 саябақ пен сквер тазартылып, 395 ескерткіштің айналасы абаттандырылды, 772 шаршы метр тасжол жөнделді. 148440 ағаш және 9822 бұта отырғызылды. Сенбілік 1087 әлеуметтік және 2280 өнеркәсіптік нысандарды, сондай-ақ 971 жасанды су айдынын қамтыды.