USD523.86EUR544.34RUB5.11

Абай облысында ауыл шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар белсенді енгізілуде

19 желтоқсан 2024, 09:37
Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі, ол азық-түлік және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауылдық жерлерде елдің еңбек әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Қазіргі заманда цифрлық технологиялар елдер экономикасының дамуында маңызды рөл атқарып келеді. IT-құралдарын енгізу ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру жайында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев ӨКҚ алаңында мәлімдеді.
Абай облысында ауыл шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар белсенді енгізілуде

Оның айтуынша, инновациялық технологиялар қазір өсімдік шаруашылығына белсенді түрде енгізілуде.

- Бүгінде облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілері құнарлы қабатты сақтау үшін әртүрлі модификациялардың 37 егіс кешені, сондай-ақ дәл егіншілік, навигация және мониторинг жүйелері бар әлемдік ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің (John Deere, Case New Holland, Fendt, Massey Ferguson, Valtra және Challenger) ауыл шаруашылығы техникасын пайдаланады. Сонымен қатар, облыста 13 850 гектар аумақта су үнемдеу технологиялары қолданылады (оның ішінде жаңбырлатып суару – 12 257,2 га және тамшылатып суару – 1 572,8 га). Сондай-ақ шаруашылықтар ауыл шаруашылығы техникасында GPS навигациясын кеңінен қолданады, – деп атап өтті ол.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, мал шаруашылығында да цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Нақтырақ айтсақ, «Қаликанұлы», «Зейтенов», «Өрнек» сияқты шаруа қожалықтарында  озық смарт-фермалардың элементтері қолданылады. Бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы нақты уақыт режимінде әр сиырдан күнделікті есеп жүргізіліп, ұрықтандыруды есепке алу үшін селекциялық және асыл тұқымды жұмыстардың ақпараттық базасында бұқаларды компьютерлік таңдау әдісі қолданылуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar