USD523.86EUR544.34RUB5.11

Жаңасемей ауданы - алғашқы жылдың қорытындылары

18 желтоқсан 2024, 15:15
Жаңадан құрылған Жаңасемей ауданына ресми мәртебе берілгеніне толық бір жыл толмаса да, айтарлықтай мәселелер өз шешімін табуда. Бұл туралы Абай облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жаңасемей ауданының әкімі Руслан Базарбаев мәлімдеді.
Жаңасемей ауданы - алғашқы жылдың қорытындылары

Кездесу барысында Руслан Базарбаев 2024 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарға есеп беріп, келесі жылы жүзеге асырылатын жоспарларды бөлісті.

Жаңадан қалыптасқан ауданда қазіргі таңда 12 ауылдық округ және 2 кент бар, халық саны 20 мыңнан асады.

▫️Әкімнің айтуынша, Жаңасемей ауданында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 151,3 млрд теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі - 21,5 млрд теңге болса, ал негізгі капиталға салынған инвестициялар - 6,3 млрд теңге.

- Ауыл шаруашылығын дамытуға келер болсақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілген барлық көрсеткіш орындалды. Жалпы өнім көлемі 18,5 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,6%-ды көрсетті. Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға 100,2 млн теңге инвестиция салынды, – деді Руслан Базарбаев.

Аудан әкімі ауызсу, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы және медицина салаларындағы жұмыстардың оң нәтижелерін атап өтті. Сонымен қатар білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен шешуді қажет ететін мәселелерді де жасырмады.

- Бүгінгі таңда ауданда 18 білім беру мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 5 мектеп бейімделмеген ғимараттарда орналасқан. Көптеген білім беру нысандары жөндеуді қажет етеді. Осыған орай, алдағы үш жылда 2025-2027 жылдарда аудандағы 11 мектепке кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы Білім басқармасымен бірлесе жоспар әзірленді. Сондай-ақ алдағы уақытта Шаған кентінде 100 орындық жаңа мектеп салу үшін қаржы көздері қарастырылуда, - деп атап өтті аудан басшысы.

▫️Бұдан өзге, биыл ауданда алғашқы рет Озерки ауылында 70 орындық заманауи балабақша ашылған. Ал 2025 жылдың 1-тоқсанында Приречный ауылында 60 орындық балабақша ашу жоспарланғаны мәлімделді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar