USD523.54EUR546.47RUB4.99

Абай облысында «Қоғамдық кеңес-азаматтық диалог алаңы» семинары өтті

12 желтоқсан 2024, 15:28
Диалог алаңына азаматтық қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ қала мен облыстың қоғамдық кеңестерінің өкілдері қатысты. Семинар барысында қатысушылар азаматтық қоғам саласын одан әрі дамытуға қатысты пікір алмасып, облыстағы өзекті мәселелерді талқылады.
Абай облысында «Қоғамдық кеңес-азаматтық диалог алаңы» семинары өтті

Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев диалог алаңын өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

– Бүгінгі семинар бірлескен сындарлы диалогтың арқасында өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі деп сенемін. Біздің азаматтар әрқашан белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетеді. Бүгінгі алаңда Сіздердің идеяларыңыз бен бастамаларыңызбен бірлесіп жұмыс істеу және пікір алмасу үшін жаңа бағыттар әзірлейміз деп ойлаймын, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Елдар Сапаров қоғамдық кеңестер жаңа функцияларға ие болып, олардың өкілеттіктері кеңейтіліп жатқанына тоқталды.

- Қоғамдық кеңестердің негізгі міндеті - халықтың пікірін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешудің мүмкін нұсқаларын ұсыну. Өздеріңіз білетіндей, елімізде қоғамдық бақылау туралы заң бар. Бұл қоғамдық кеңестерге жүктелген тағы бір мүмкіндік. Абай облысында қоғам өкілдерімен жұмыс жақсы деңгейде қойылғанын атап өткім келеді. - деп атап өтті Елдар Сапаров.

Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев қоғамдық кеңестердің мүшелері азаматтық қоғамды қалыптастыру және нығайту жолында аса маңызды функцияны атқаратындығына 
баса назар аударды.

– Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесі абыроймен арқалап жүрген әлеуметтік жүктен бөлек, гендерлік теңдік, этносаралық және конфессияаралық келісім, өскелең ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне баса назар аудару керек маңызды салалар бар. Мұның барлығы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында жатыр. Біздің алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Қазірдің өзінде біршама жұмыс атқарылды, бірақ әлі көп нәрсе істеу керек», - деп түйіндеді сөзін Айдар Садырбаев.

Сонымен қатар, семинар барысында нәтижелі идеялар мен креативті жобаларды ортаға салып, көзге түскен қоғамдық кеңес өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar