USD494.95EUR525.49RUB5.05

Мемлекетке қайтарылған активтер: 12 миллиард қайда жұмсалмақ

07 қараша 2024, 09:41
Активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында тізілім субъектілерімен 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 4 келісімге қол қойылды. Бұл туралы Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекетке қайтарылған активтер: 12 миллиард қайда жұмсалмақ

Биыл қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның субъектілері әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға қатысуы қажеттігін атап өткен еді. 

Жүйелі жұмыс нәтижесінде құны 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобалар іске асырылмақшы.  

Солардың бірі — Алматы қаласында заманауи мәдениет орталығын салу жобасы.

«Ғимараттың ауданы үш мың шаршы метрден асады және арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды. Нысан іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан келушілерге тегін репетициялар мен шеберлік сабақтары өткізіледі деп күтіледі», — делінген хабарламада.

Тағы бір мысал, Шымкентте мұқтаж отбасыларды одан әрі қамтамасыз ету үшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй құрылысы қолға алынбақшы. 

Прокуратураның мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады. 

Бұған дейін хабарлағандай, заңсыз активтерді қайтару бойынша арнаулы мемлекеттік қорға 176,3 млрд теңге жиналды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar