
"Бүкілқазақстандық Кёкушинкай каратэ ұйымы" РҚБ президенті Таджимұрат Найзабеков өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында біріншіліктің тарихы жайлы баяндады.
- "Еуразия Кубогы" халықаралық турнирі биыл 21 рет өткізілуде. Турнирдің Ресейдің Рубцовск қаласынан басталған үлкен тарихы бар. Бұрын ол "Сібір-Азия " деп аталған. Бүгінде халықаралық жарыс деңгейіне дейін өсті. Қазіргі турнирдің ерекшелігі - ол алғаш рет Семейде, Абай облысының аумағында өткізіледі. Оған қазақстандық және ресейлік спортшылар, барлығы 1 200 спортшы қатысады. Жарыс 2 күн өтеді, - деп атап өтті Таджимұрат Найзабеков.
Ресейдің киокушин каратэ одағының президенті Александр Крамышев болашақта бұны дамытуға қатысты мәселелер бойынша ірі халықаралық форум өткізу жоспарланып отырғанын айтты .