USD484.37EUR531.06RUB5.05

Облыс орталығында су бұру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

22 тамыз 2024, 16:25
Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті, объектілерді реконструкциялауға, жаңғыртуға және жаңартуға бағытталған жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы «Семей-Водоканал» МКК-ның нысандары бойынша өткізген баспасөз турында «Семей-Водоканал» МКК техникалық директоры Ербол Касенов баяндады.
Облыс орталығында су бұру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

-  Ағымдағы жылдың I-жартыжылдығына қосымша инвестициялық бағдарлама бойынша жалпы сомасы 200,6 млн.теңгеге іс-шаралар жоспарланды, оның ішінде: сумен жабдықтау қызметтеріне -113,4 млн. теңге, су бұру қызметтеріне -87,2 млн. теңге бөлінді.
Сумен жабдықтау бойынша Аймауытов көшесінен Пархоменко көшесіне дейін Жамақаев
көшесі бойынша және Дулатов көшесінен Гагарин көшесіне дейін Козбагаров көшесі
бойынша 1,8 млн.теңгеге желілер мен құрылыстарды реконструкциялау бойынша
сараптама жүргізілді, - деп атап өтті спикер
 
             Айта өтсек, Қашаубаев көшесі 2а, Қостанай көшесі 1Б бойынша ПВНС-тен және Галето көшесі бойынша Спартак көшесінен Кәрменов көшесіне дейін 17 млн. теңге сомасына үйлердің орамішілік су құбыры желісіне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Алдағы уақытта сервер бойынша іс-шаралар, қызмет көрсету үшін жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ кәріз желілерін ағымдағы жөндеу  жұмыстары жоспарланған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar