Сондай-ақ жыл соңында саланың нақты көлем индексі 105 пайызды құрайды деп күтілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев мәлімдеді.
- 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 98 774,4 миллион теңгеге жетті. Бұл өсім мал шаруашылығы өнімдерінің 8,3%-ға артуы есебінен болып отыр. Тірі салмақта ет өндіру 3,0 пайызға өсіп, 57,5 мың тоннаға жетті. Сүт өндірісі 3,3 пайызға өсіп, 136,9 мың тоннаны құрады, - деп атап өтті спикер.
Бұл ретте бірінші жартыжылдықта ірімшік пен сүзбе өндірісінің көлемі 7,1%-ға, өсімдік майы 11,9%-ға, ашытылған сүт өнімдері 2,3%-ға артты.
- Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға 13,4 млрд теңге, азық-түлік тауарларына 455,2 млн теңге инвестиция тартылды. Ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттыруға және агроөнеркәсіптік кешен үшін жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар стратегиялық шараларды жүзеге асыруда, - деп қорытындылады Ертай Қуанбаев.