- Семей қаласында "KAZ Minerals Demeu" корпоративтік қорының қолдауымен жаңа құрылыс ауданындағы мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бүгінде жұмыс барысы 96% - ға орындалды және осы ауданның балаларын оқу жылынан бастап мектепке қабылдай бастайды , - деп атап өтті басқарма басшысы.
Спикердің айтуынша, ағымдағы жылы Семей қаласының Водный кенті, Қарағайлы шағын ауданы, Аягөз және Ақсуат аудандарында мектептер құрылысын аяқтау жоспарлануда.
- Қарағайлы шағын ауданында 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысы жүруде. Оқу жылының екінші тоқсанында оқушылар жаңа мектепке бара алады деп жоспарлап отырмыз, - деп толықтырды Нұржан Ахметқалиев.