USD484.37EUR531.06RUB5.05

Абай облысының мектептері интернетпен толық қамтылған

19 тамыз 2024, 16:14
Абай облысының білім беру инфрақұрылымы мектептерде Starlink жобасын қосу арқылы өз дамуына жаңа серпін алды. Абай облысының білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің айтуынша, өңіріміздегі барлық мектеп интернетпен қамтамасыз етілген.
Абай облысының  мектептері  интернетпен толық қамтылған

-     2023-2024 оқу жылында 167 мектепте интернет жылдамдығын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы мәселеге байланысты шарттарды қайта күшіне енгізу нәтижесінде жылдамдық 2-4 Мбит/сек-тен 10-20 Мбит/сек - ке дейін ұлғайтылды. Бұл интернет жылдамдығы төмен мектептер санын өткен жылмен салыстырғанда 43% - ға қысқартуға мүмкіндік берді, - деп атап өтті спикер.

Айта өтсек, 133 интернет жылдамдығы төмен  мектепке ерекше назар аударылып, оларды Starlink-ке қосылу туралы шешім қабылданды.
-     Бүгінде  127 мектеп интернет желісіне  қосылған, ал қалған 6 мектеп РФ шекаралас ауылдарда РҚКО пысықталуда - деп атап өтті Нұржан Ахметқалиев.

Облыстағы 302 мектептің ішінде қалалық мекемелер бүгінде интернет жылдамдығымен 20-дан 200 Мбит/сек-ке дейін артқан. Ал ауылдық мектептерде техникалық мүмкіндіктер мен жүргізілген жұмыстарға байланысты жылдамдық 4-тен 214 Мбит/с-қа дейін өзгереді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar