Жалпы 40 базалық-станция құрылысы Республикалық маңызы бар автожолдардың бойына орналастыру жоспарлануда. Бұл аймақтарды тұрақты және жылдам интернетпен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы баяндады. Спикердің айтуынша, 2024 жылы 25 базалық-станция орнату жоспарлануда.
- Жоспардағылардың көпшілігі Аягөз ауданында орнатылады, онда 15 базалық станция орнатылмақ. Сонымен қатар, Ақсуат және Үржар аудандарында 5 станция құрылыстары басталады. Жалпы, ұлттық жоба бойынша облыста 40 базалық станция салу жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. 3 жоба бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды. Әзірлеуді қыркүйек айында аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Абзал Серікұлы.
2025 жылы облыста тағы 15 базалық станция құрылады, олардың бірі – Семейде. Қазіргі уақытта мердігерлермен келісімшарттар жасалып, жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда.