USD484.37EUR531.06RUB5.05

Өңірде ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық егу жұмыстары жүргізілуде

15 тамыз 2024, 11:00
Облыста иттер мен мысықтарды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру үшін биылғы жылға барлығы 96 миллион теңге қаражат қарастырылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының ветеринария басқармасы басшысы Ержан Барышев айтып берді.
Өңірде ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық егу жұмыстары жүргізілуде

Спикердің айтуынша, облыс аумағында тұрақты эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы профилактикалық егу  мен диагностикалық зерттеу іс-шаралары ұымдастырылды. Оны 10 аудан мен 2 қалада 131 ветеринариялық пункттермен жасақталған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындары жүргiзеді.

- Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық зерттеулер жүргізілді, нәтижесінде аса қауіпті аурулардың 22 ошағы тіркеліп, бүгінгі таңда 14 ошақ сауықтырылды. Қалған 8 ошақта Республикалық эпизоотияға қарсы жасақтың күшімен сауықтыру іс-шаралары өтуде, - деді басқарма басшысы.

Абай облысының ветеринария басқармасы және ведомстволық бағынысты ветеринариялық ұйымдар 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұл ветеринариялық анықтама беру, жануарға ветеринариялық паспорт беру және ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия беру.

Сонымен қатар, өңірде иттер мен мысықтарды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру үшін биылғы жылға барлығы 96 миллион теңге қарастырылған, оның ішінде бірінші жартыжылдықта  41 миллион теңге игеріліп, 6 900 ит пен мысық ауланды.

- Жалпы, биылғы жылы аулау, стерилизациялау, вакцинациялау, шығару бағдарламасы бойынша 490 қаңғыбас иттер мен мысықтарды қамту жоспарлануда. Бұл жұмысты «төрт табан плюс» қоғамдық қоры жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңнамасына сәйкес бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады, - деп қорытындылады Ержан Барышев.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar