
Облыс орталығында «Заря» қоғамдық жағажайының салтанатты ашылуы өтті. Шара барысында түрлі ойындар, сайыстар ұйымдастырылып, сыйлықтар берілді. Жағажайдың ашылуына 500-ден аса адам қатысты.
Қоғамдық жағажай орны абаттандырылып, Ертіс жағалауы тазаланды. Жағажайға баратын жол асфальтталды.
Демалушылар қауіпсіздігі үшін құтқару бекеті құрылып, қажетті арнайы құрылғылармен жабдықталды. Суда түсу аумағы белгіленді.
Суға шомылу маусымы кезінде ТЖД қызметкерлері күшімен қайықты мобильді кезекшілікпен қамтамасыз етілетін болады.