USD480.55EUR533.75RUB5.36

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

30 мамыр 2024, 15:55
Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Олжас Құрманбектің төрағалығымен Абай облысының терроризмге қарсы комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа терроризмге қарсы комиссия мүшелері - аумақтық органдардың басшылары қатысты.
Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті
Жиын барысында «Кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың жол картасын» іске асыру, алдыңғы отырыстардың хаттамалық шешімдерін орындау мәселелері қаралды. Сондай-ақ, ТҚК мүше органдар қызметінің негізгі бағыттары айқындалды. Жол картасын тиімді орындау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласындағы қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау үшін барлық мемлекеттік органдардың әртүрлі деңгейдегі бірлескен жұмыс нысандары мен әдістеріне басты назар аударылды.
Жұмыс тобының отырысына қатысқан ҚР ҰҚК облыстық департаментінің өкілдері терроризмге қарсы күресте және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық ведомстволар мен ұйымдардың бірлескен күш-жігерінің маңызын атап өтті.
«Кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тек орта және арнайы білім беру мекемелерінің ғана емес, өскелең ұрпақты тәрбиелеу саласында өз қызметін жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдардың жұмысында да басым бағыт болуға тиіс. Тек үйлестірілген іс-қимылдар мен тұрақты ақпарат алмасу террористік қатерлерге тиімді қарсы тұруды қамтамасыз ете алады", - деді Олжас Құрманбекұлы.
Жұмыс тобының отырысында әрі қарайғы іс-қимылдардың нақты ұсынымдары мен бағыттары әзірленді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar