USD474.83EUR515.38RUB5.5

Облыс оқушылары Шанхайда топ жарды

20 мамыр 2024, 15:57
Шанхай қаласында «First Tech Challenge China» халықаралық чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қытай, Жапония және Қазақстаннан 50 команда қатысты. 600-ден аса оқушы бақ сынады.
Облыс оқушылары Шанхайда топ жарды
Абай облысының жаңадан құрылған «TENGRI» құрама командасы Robot game номинациясы бойынша ІІ орын алса, Motivate award номинациясында үздік команда ретінде І орын иеленді. Жалпы командалық есепте үш елдің арасында ІІ орын алды.
Команда құрамында Семейдегі Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының оқушылары: Темірлан Абылхан, Радмир Жеңісбек, Осман Қуанышбеков, Балжан Найманғазина, Досжан Сабит, Нұртөре Мақсатұлы, Нұркен Төлеубек, Алан Ермекбаевтар болды.
Ойын барысында команда автономдық режимде роботтарды жарыстырып, робот бақылау ойынында пиксель жинады. Соңғы 30 секунд ішінде робот дрон ұшырып, турникке тартылды.
Облыс командасы 18-19 мамырда өткен «Shanghai First Challenge» халықаралық чемпионатына жолдама ұтып алған. Чемпионат технологиялар мен білім беру робототехникасын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar