USD459.75EUR494.14RUB5.54

ӘСКЕРИЛЕР СЕМЕЙ ОРМАНЫНА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

19 сәуір 2024, 12:49
Абай гарнизонының әскери қызметшілері Семей орманының аумағына көшет отырғызу акциясына қатысты.
ӘСКЕРИЛЕР СЕМЕЙ ОРМАНЫНА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

Аталған шара Семей қаласында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Семей орманы – менің орманым» көшет отырғызу іс-шарасы аясында өткізілді. Акция қатысушылары алдымен өткен жылғы алапат өрт кезінде өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында жандарын құрбан еткен 15 орманшыны еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялады. Шараға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 30217 және 28738 әскери бөлімдерінің елуден астам сарбазы қатысты. Мерзімді әскери борышын өтеуші қатардағы Жандәулет Жалелов қаланы көгалдандыруда сарбаздар өз үлестерін қосып жатқанын және олар оған қуанышты екенін айтады.

- Іс – шараға қатысып жатқаныма өте қуаныштымын. Ағаш отырғызу әрбір ер азаматтың борышы әрі міндеті деп санаймын. Сондықтан сарбаздар азда болса өз үлестерін қосып жатыр. Еліміз жасыл желекке айналса екен деймін, - дейді қатардағы жауынгер Жандәулет Жалелов.

Науқан барысында барлығы қала бойынша 600-ге жуық адам қатысып, 23 800 түп екі жылдық қарағай көшеттері отырғызылды.

Айта кетейік, 2024 жылы «Семей орманы» резерваты мемлекеттік орман қорының 6100 га алқабына 28 млн 700 мың дана өскін егуді жоспарлап отыр.  

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar