USD484.37EUR531.06RUB5.05

Семейде жаңа жылу электр орталығы салынады

03 сәуір 2024, 10:44
Жаңадан салынатын №3-ЖЭО қаланың оң жағалауындағы жылу энергиясының тапшылығын болдырмауға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, мұндай қуатты жылу көзінің пайда болуы ескірген қазандықтардың жұмысын азайтады.
Семейде жаңа жылу электр орталығы салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Семей қаласында жылу орталығын салу қажеттілігі туралы шешім қабылданған. Қазіргі уақытта Семей қаласындағы №3 ЖЭО құрылыс жобасының техникалық экономикалық негіздемесі әзірлену үстінде. Бұл туралы өңірлік окммуникациялар қызметінде «Абай аудандық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы Жандос Қайырханов баяндады. 

-«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭО-3 құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу рәсімін бастады. Байқау қорытындысы бойынша жобалаушы ретінде «Стройиндустрия» ЖШС таңдалды. Облыс әкімдігі техникалық параметрлер бойынша ұсыныс енгізді, оған сәйкес жаңа жылу электр қазандықтарының электр және жылу қуаты 330 МВт және 1200 Гкал/сағ болуы керек. Жобаның теникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, 2024 жылдың 26 сәуіріне аяқтау жоспарланған, - деді Жандос Қайырханов.

«Теплокоммунэнерго» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорныдағы  жөндеу жұмыстарына кейін жылумен қамту жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Осы жылы жылу қазандықтар мен желілерін жаңғыртып, жөндеген соң тозу деңгейі 10 пайызға азайады деген жоспар бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar