
Оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес ұйымдастырылады.
Облыстағы Бородулиха ауданы Переменовка орта мектебінде оқу барысы штаттық режимде өтіп жатыр. 2 сәуірден бастап, оқушылар мектепке оралды. Білім мекемесіне апаратын бірнеше көшеден еріген қар суы толығымен шығарылды.
Анықтама: Абай облысында 302 білім беру ұйымы бар, онда барлығы 100 102 оқушы білім алады.