
-Биылғы көктемде Абай облысынан 580-нен астам азамат әскерге шақырылады. Оның ішінде Қарулы күштер қатарына - 250, Ұлттық ұланға - 200, ҰҚК Шекара қызметіне - 110, Мемлекеттік күзет қызметіне - 6 және Төтенше жағдайлар қызметіне 15 бозбала алынбақ, - деді спикер.
Әскерге шақыру комиссияларымен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді.
Баспасөз мәслихаты барысында Нығмет Ахметұлы да әскери қызметкерлердің жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап, олардың қызметке белсене қатысуының маңыздылығына тоқталды.
-Қазір әскерге шақырылғандар кредиттік демалыс алып, әскери-есептік мамандықтар бойынша білім алуда. Еліміздегі 70-тен астам жоғары оқу орны әскери борышын өтеген азаматтарға қосымша жеңілдіктер жасау туралы келісім жасасқан. 2024 жылы осы санаттағы азаматтарға 5 мың мемлекеттік білім грантын, сондай-ақ шәкіртақы мен жатақханада тұрудың басым құқығын беру жоспарлануда, - деп атап өтті департамент басшысы.