Алғаш болып сөз алған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерилері қолбасшысы Жеңіс Маралов тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесінің өзектілігі мен оның қоғамға кері әсерімен бөлісті. Сондай-ақ, ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында әйелдер мен балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты заңның қатаңдатылып жатқанын атап өтті.
-Отбасындағы тұрмыстық құқық бұзушылықпен күрес мәселесі қайта қаралды. Енді полиция жәбірленушінің шағымын емес, қылмыстың анықталуын негізге алып, қылмыстық істі тіркейді. Яғни іс қозғау үшін зорлық-зомбылықтан жапа шеккен адамның арызы қажет емес. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді, - деді қолбасшы.
-Сонымен қатар, қолбасшы қоғам нормалар мен ережелердің сақталуында күресу керектігін жеткізді. Кез келген заң бұзушылыққа қарсы шаралар қабылданатынын атап өтті. «Отбасылық құндылықтарды сақтау, өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеу біздің ең басты ұстанымымыз болуы керек», - деді полковник Ж.Маралов.
Сонымен қатар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов әскерилер мен олардың отбасы мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында әскери өмірге белсенді араласқан әскери қызметшілердің отбасылары «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы атынан алғыс хаттарымен марапатталды.
Абай өңірлік гарнизоның баспасөз қызметі