USD502.47EUR525.83RUB5.68

Абай облысның әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласының тұрғындарымен кездесті

11 желтоқсан 2023, 16:08
Жиын барысында Семей қаласының әкімі өңір басшысы мен қала тұрғындарының алдында атқарылып жатқан жұмыстар мен келесі жылға арналған жоспарлар туралы баяндама жасады. Нұрбол Нұрсағатов бүгінгі таңда қала тұрғындарын толғандыратын ең өзекті мәселелерді, соның ішінде ТКШ және қоғамдық көліктің жұмысы, жылумен жабдықтау, саяжай кенттерін электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау, сыртқы жарықтандыру, инфрақұрылым, абаттандыру, тұрғын үй құрылысы, көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу, білім беру, әлеуметтік қорғау және т. б. мәселелерді қозғады.
Абай облысның әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласының тұрғындарымен кездесті

Сондай-ақ, есеп беру кездесуі аясында тұрғындар қоғамдық көлік санын ұлғайтуды, саяжайлар мен кенттерге жарықтандырулар жүргізуді, инва-такси санын арттыру, қаланың экологиялық тазалығы, жол жөндеуге қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық түсініктемелер мен жауаптар берілді. Сонымен қатар, қала тұрғындары жеке мәселелері бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету және қиын жағдайда қолдау көрсету туралы өтініш білдірді. Бұл мәселелер бақылауға алынды, оларды шешу үшін қажетті шаралар заңды негізде қабылданатын болады.

Тұрғындармен жалпы кездесу 2 сағатқа созылды, оны аяқтағаннан кейін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, сондай-ақ облыс және қала әкімінің орынбасарлары мен әкімдіктердің басқармалары мен бөлімдерінің басшылары азаматтарды жеке қабылдады. Кездесуге қатысу үшін облыстың барлық мемлекеттік мекемелерінің, күш құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ барлық тілек білдірген қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері шақырылды. Кездесудің тікелей көрсетілімі Абай облысы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында өтті.

Айта кетейік, 2022 жылдың қазан айынан бастап Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов тұрғындармен 52 ресми кездесу өткізді, оның ішінде 24 – Семей қаласында және 28-і ауылдық округтер мен кенттерде. Сонымен қатар, күн сайын жетекшілік ететін орынбасарлармен және бөлім басшыларымен бірге қаланың әртүрлі аудандарын аралап, белсенділермен кездесулер өткізіледі. Қала әкімі мен оның орынбасарлары апта сайын тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Аталған кезеңде қала әкімінің қабылдауында 2000-нан астам қала тұрғыны болды.

Қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, Семей әкімдігі бірінші кезектегі мәселелерді шешуге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірледі, қажетті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, қала маңындағы тұрғындардың шағымдарына тиімді ден қою үшін кенттерде әкімнің бас инспекторлары жұмыс істейді.

Бұдан басқа, Семей қаласының әкімдігі халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізуде. Instagram, Facebook, Telegram әлеуметтік желілері арқылы және Whatsapp +77007187160 сенім телефоны арқылы қала тұрғындарының өтініштері ресми түрде ғана қабылданбайды. 2022 жылдың қазан айынан бастап Whatsapp мессенджеріне қоғамдық көлік, қалалық санитария және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмыстарына қатысты 20000-нан астам өтініштер, шағымдар мен тілектер келіп түсті. Instagram және Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунттары арқылы қала тұрғындары да шағымдана алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar