USD524.65EUR552.19RUB5.14

Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті

07 желтоқсан 2023, 10:16
Ауа райының нашарлауына байланысты облыс жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті. Онда 2023-2024 жж. қысқы кезеңде жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарын күшейту және тіршілік объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті

Отырыс барысында ауа-райының қолайсыз кезінде автожолда көлік қозғалысын уақтылы шектеуді және жабуды қамтамасыз ету, төтенше қызметтерінің ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыру, тас жолдарды, кіреберіс жолдарды қардан уақтылы тазарту, ауа райының нашарлауы салдарынан жекелеген энергетикалық нысандардың, электр беру желілерінің, тұрғын үйлерді және сумен жабдықтау көздерін, резервтік энергия жүйелері мен электр станцияларының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету шараларын іске асыру арнайы хаттама түрінде тапсырма берілді.  

Жоспардан тыс отырыста көтерілген мәселелер облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar