USD449.88EUR486.64RUB4.83

Абай облысы студенттері кәсіби шеберлік чемпионатында үздік атанды

28 қараша 2023, 13:00
Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Жарысқа 22 жасқа дейінгі 545 маман және еліміздің түкпір-түкпірінен 520 сарапшы қатысты.
Абай облысы студенттері кәсіби шеберлік чемпионатында үздік атанды

Колледж студенттері 30 құзыреттілік бойынша өз дағдылары мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Әсіресе, «Шаштараз өнері», «Кірпіш қалау», «Мобильді робототехника», «Мехатроника», Кондитерлік іс», «Кіші сыныптарда оқыту» бағыттарында басқа өңірлерден ілгері болды.

Бүгін Астана қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында Республикалық чемпионатқа қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 

Чемпионат қорытындысы бойынша Абай облысының командасы жалпы командалық есепте 1 орынды иеленді (алтын - 6, күміс - 2, қола - 3 және 12 медальон).

Чемпионат жеңімпаздары Қазақстанды 2024 жылғы 10-15 қыркүйегі аралығында Францияда өтетін «WorldSkills Lyon - 2024» халықаралық біріншілігінде таныстырудың бірегей мүмкіндігіне ие болды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar