USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай гарнизонының сарбаздары колледж студенттерімен кездесті

13 қараша 2023, 12:17
Өткен жұма күні Семейде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар мен студенттер кездесті. «Бізге қосыл» атта шараны Республикалық сарбаздар аналар қоғамдық ұйымының Семей қаласындағы өкілділігі ұйымдастырып отыр.Сондай-ақ аталмыш басқосу Семей көпсалалы колледжімен аталған ұйымның арасында орнатылған ортақ меморандум аясында ұйымдастырылды.
Абай гарнизонының сарбаздары колледж студенттерімен кездесті

Игі шараға Абай облысы Қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Қанат Шәріпханов қатысты. Ондағы басты мақсаты өскелең ұрпаққа Отан деген ардақты сөздің қаншалықты қадірлі екенін айтып, студент жастарды әскери борыштарын өтеуге психологиялық тұрғыдан даярлау болды. Шара барысында Қорғаныс істер жөніндегі департамент өкілі жастардың сұрақтарына жауып беріп, әскери бөлімдердегі қызметтің ерекшеліктері туралы баяндады.       

                   

Ал  Республикалық сарбаздар аналар қоғамдық ұйымының Семей қаласындағы өкілі Айнұр Татерова өскелең ұрпаққа мерзімді әскери қызметке жасалынатын жеңілдіктер туралы толық мәлімет берді. Қоғамдық ұйым өкілінің айтуынша, шара барысында болашақ Отан қорғаушыларға әскери өмір туралы толық ақпарат беріліп, студенттерге әскери өмірдің бүгінгі тыныс-тіршілігін сарбаздардың өз ауыздарынан естіді. Осы тарапта 28738 әскери бөлімнің сарбаздары да атсалысып, өз ойларымен бөлісті. Сарбаздар ерлік тек білек күшімен емес, білімнің мықтылығымен де жасалатынын айтты. 

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar