
Кездесу барысында автомобиль полициясы бөлімінің көлік құралдарын тіркеу және техникалық қадағалау жөніндегі офицері Владимир Акимов конференцияға қатысушыларға 2023 жылдың өткен кезеңінде Абай гарнизоны әскери қызметшілерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының жай-күйін, онда 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендеу байқалатының жеткізді.
-Қыс басталады және әскери қызметшілер әрқашан жол қозғалысының қатысушылары болып табылады. Алдын-алу жұмысының мақсаттарына толықтай қол жеткізілді деп санаймын, іскери қызметшілерге көлік құралдарын қысқа дайындау қажеттігі туралы тағы да ескертілді, - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы техникалық қамтамасыз ету басқармасының автомобиль қызметі бағытының аға офицері подполковник Қанат Көпабаев.
Сондай-ақ, қатысушылар үшін әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің талаптары мен жол жүру ережесі қосымша жеткізілді.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі