USD481.68EUR522.48RUB5

ДӘНДІ ДАҚЫЛДЫҢ 143,8 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАБЫ ЖИНАЛДЫ

19 қыркүйек 2023, 10:28
Облыста күзгі дала жұмыстарына және 2023-2024 жылдардағы мал қыстауына жем-шөп дайындау жұмыстары қарқынды жүргізіп жатыр.
ДӘНДІ ДАҚЫЛДЫҢ 143,8 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАБЫ ЖИНАЛДЫ

 Бүгінде 143,8 мың га дәнді дақылды, сондай-ақ 2,01 мың га көкөніс пен бақша дақылын, 2,2 мың га картопты жинау жұмыстары сәтті аяқталды. Мал азығын сатып алу жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Қазіргі таңда 854,2 мың тонна шөп, 40,3 мың тонна пішендеме, 9,1 мың тонна сүрлем, 32,5 мың тонна сабан, 8,2 мың тонна құнарлы жем дайын.

 2023-2024 жылдары аудандардың ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтарына қыс мезгіліне 1153,1 мың тонна шөп, 48,8 мың тонна пішендеме, 59,3 мың тонна сүрлем, 85,1 мың тонна сабан, 117,8 мың тонна құнарлы жем дайындау қажет. Айта кетсек, шілде-тамыз айларындағы тапсырыс кезінде егін жинау науқанына 6 139 мың тонна дизель отыны сатып алынды, бұл 100%-ды құрайды.Өңірдегі егін жинау науқаны толығымен бақылауда.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar