
Жалпы, бүгінгі таңда Әкімдік «Даму» қорымен бірлесіп кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға, экономикалық микроклиматты жақсартуға және облыстың отандық өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін үлкен жұмыс жүргізуде.
Мәселен, 2023 жылы біздің облысымызда бір қарыз алушыға 7% - бен 100 млн теңгеге дейін қаражат алуға мүмкіндік беретін (инвестицияларға; айналым қаражатын толықтыруға; қайта қаржыландыруға) «Qamqor» кәсіпкерлікті дамытудың жаңа өңірлік бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 300 млн теңге бөлінді, «Даму» қоры 600 млн теңге бөлді. Бүгінгі таңда өтінімдерді қабылдау «Halyk Bank», «Bank Center Credit» және «Forte Bank» арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда, Мемлекет тарапынан берілетін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кепілдендіру тетіктері халық арасында ең сұранысқа ие қаржыландыру түрлерінің бірі болып табылады, 2023 жылдың өзінде облысымызда 12,5 млрд тг. сомасына 265 жоба субсидияланды, және 3 млрд тг. сомасына 201 жоба бойынша кепілдіктер берілді.