
ҚР Қасым-Жомарт Тоқаев VIII шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылу салтанатында биыл елімізде алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтетінін мәлімдеген болатын. Аталған 45 өңірдің 2-і Абай облысына тиесілі.
Абай облысы мәслихатының шешімімен пилоттық өңірлер болып табылатын Курчатов қаласы мен Абай ауданы әкімдерінің сайлауы 5 қараша күні өтеді деп бекітілді.
Алдағы сайлау – Президент тапсырмасының орындалуының айқын көрсеткіші, сондай-ақ Қазақстан тарихындағы жергілікті аудан (қала) әкімдерінің сайлауын өткізудегі алғашқы тәжірибе.