
Аймақ басшысы П-1-ден П-4-ке дейінгі магистральдық желіні, Селевин көшесіндегі жылу желісін, ЦТП-401 орамішілік жылу желісін, ЖЭО-1-ден П-1-ге дейінгі магистральдық учаскелеріне барды.
«Жылыту маусымы жақындап келеді, жұмыс қарқынын арттыру қажет. Жұмыстың белгіленген мерзімде аяқталуы үшін әрқайсыңызға жеке жауапкершілік жүктелгенін тағы да еске саламын. Халық уақытында жылумен қамтамасыз етілуі тиіс», - деді әкім.
Сондай-ақ, өңір басшысы тиісті бөлімдерге жергілікті жерлердегі жұмыстардың барысын үнемі тексеріп отыруды тапсырды.
Жылыту маусымына дайындық облыс әкімінің жеке бақылауында.