USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай облысының студенттері халықаралық жарыста бақ сынайды

05 қыркүйек 2023, 15:12
Мейрамханалық қызмет, шаштараз өнері, кірпіш қалау, мехатроника саласында Абай облысының студенттері халықаралық жарыста бақ сынайды
Абай облысының студенттері халықаралық жарыста бақ сынайды
Бүгінде Гданьск қаласында Euroskills байқауы өтіп жатыр. Онда Еуропаның 32 елінен 25 жасқа дейінгі 600 білікті жас маман жиналған.
Қазақстан құрамасы 25 мамандық бағытында сынға түседі. Оның құрамында 28 қатысушы мен 25 халықаралық сарапшы бар. Айта кетсек, Абай өңірінің оқушылары да ұлттық құрама сапында ел намысын қорғайды!
«Бизнес және сервис колледжі» КМҚК студенттері Екатерина Лютаева, Диляра Байжұманова, Диас Сәрсембаев және «Электротехникалық колледж» КМҚК студенттері Ернияс Құрманбеков, Аңсар Оразғалиев «Мейрамханалық қызмет», «Шаштараз өнері», «Кірпіш қалау, «Мехатроника» саласында біліктілігін сынға салады.
Сондай-ақ, өңірден Асқар Мекішев, Самир Керімов және Айгүл Рсалиева халықаралық сарапшылар ретінде Польшаға аттанды.
Айта кетсек, Euroskills – Еуропадағы кәсіптік білім беру саласындағы ең ірі шара, биыл ол 8-ші рет өткізіліп отыр. Бұл чемпионат Еуропадағы жастар арасында өтетін ауқымды кәсіби жарыс.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar