
Әкім орынбасары қаладағы ЦТП-518, ЦТП 401, Би-Боранбай көшесінен Физкультурная көшесіне дейінгі магистральдық жылу желісі, «Орталық» қазандығын, ЖЭО-1-ден павильон – 4-ке дейін нысандарына барып, жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын жіті тексерді.
Сондай-ақ, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында жылу және өрт дабылы жүйелерін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Димитрий Гариков мердігерлерге жұмысты тездетуді және құрылыс-жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.