
Бүгінде жаңадан салынып жатқан көпірде келесі жұмыстар жасалып жатыр:- оң жағалауда:
1) құрылыс алаңы дайындалды;2) №2 күзет пунктінің құрылысы жүргізілді;3) кәріз желілері алып тасталынды.
- сол жағалауда:
1) кабель желілері көшірілді;2) №1 тірегінің (қаңылтырдың қорғаныш қабырғасы суға орнатылды, арматуралау, бетондау және гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілді);3) №2 тірегінің (шұңқыр әзірленді, бетон қабаты құйылды, шұңқырды гидрооқшаулау және толтыру аяқталды);4) №6 және №8 тірегінің құрылысы жүргізіліп жатыр.Осы жылдың аяғына дейін №2, №3, №6, №8 тіректерін орнату жоспарланған.Еске салсақ, жаңа көпірдің жалпы ұзындығы 1,3 шақырым, ені 23 метр болады. Көпір 9 тіректі, 8 бағаналы, төрт жолақты болады деп жоспарланған. Бір қозғалыс жолағы 3,75 метрді құрайды. Ескі автокөпір толығымен жаяу жүргіншілерге арналған көпір болады.