
Мектептің шатыры мен еденін ауыстырылды, ішкі әрлеу және сыртқы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұған облыстық бюджеттен 393 миллион теңге бөлінді. Құрылысты «Алатау» ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асырып жатыр.
Сондай-ақ, білім ошағында алдағы жылыту маусымына дайындық жүргізіліп отыр. Су құбырлары ауыстырылып, жылу қазандығы жөнделген.
Оқу кабинеттерін қайта жаңғыртылып, білім ордасы заманауи қондырғылармен және жаңа технологиямен жабдықталды.
Анықтама үшін: Шар қаласындағы «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» 1978 жылы пайдалануға берілген. Қазір мұнда 300-ден астам оқушы білім алады.