USD502.47EUR525.83RUB5.68

Қоғамдық кеңес өтті

18 тамыз 2023, 17:03
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен «Қалбатау-Майқапшағай» және «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолды қайта жаңғырту жұмыстарына қатысты кеңес өтті.
Қоғамдық кеңес өтті

Жиынға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының, «Синьсинь» және «Ситик» мердігер компанияның өкілдері қатысты.

Димитрий Гариков облыс үшін екі маңызды автожолында жұмысты күшейту керек екенін атап өтті.

«Қалбатау-Майқапшағай» автожолының кейбір учаскелерінде жұмыстар кешігіп жатыр, бұдан бөлек жоспарға сәйкес қысқа дейін «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолында асфальт қабатымен қозғалысты ашу керек, бірақ бұл бағытта да жұмыстарда тұралап тұр. Жұмыстарды жандандыру мақсатында жұмысшылардың үшінші аусымын қосуға келістік. Сондықтан тоқтап тұрған учаскелерді аяқтау туралы уәделеріңізді орындауларыңыз қажет», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, жиын  барысында қатысушылар жол учаскелерін қысқы кезеңге дайындау бағытында жұмыс қарқынын арттыру қажеттілігін талқылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar