USD482.77EUR509.71RUB5

Бесқарағай ауданында мал азығын дайындауға баса мән беріліп отыр

17 тамыз 2023, 16:55
Бесқарағай ауданының әр ауылдық округінде тұрғындарды түрлі жем-шөппен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы құрылымы бар.
Бесқарағай ауданында мал азығын дайындауға баса мән беріліп отыр


Малды кесек жеммен қамтамасыз ету үшін 67,4 мың тонна шөп, 5 мың тонна пішендеме, 1,1 мың тонна силос, 16,6 мың тонна сабан және 5,6 мың тонна концентрлі жем сатып алынады.

Кесек дақылдарды оруға 1080 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған, оның ішінде 420 доңғалақты трактор, 321 шөп шабатын техника, 296 тырма және 59 сабан жинайтын техника. Сондай-ақ ауданда 110 шөп шабу бригадасы жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда Бесқарағай ауданында 30,4 мың тонна шөп, 5,0 мың тонна пішендеме дайын.

Айта кетсек, жұмыс барысын аудандағы әрбір ауылдық округтегі арнайы комиссия бақылайды. Малға қажетті жем-шөпті тиімді сатып алуды қамтамасыз ету жұмыстары өз жалғасын тауып жатыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

21 қыркүйек 2023, 10:05
18 қыркүйек 2023, 16:31
18 қыркүйек 2023, 16:26
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2023
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar