USD482.77EUR509.71RUB5

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА 40 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ТЕГІН ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

16 тамыз 2023, 16:11
⠀Абай облысының білім беру ұйымдарында 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап бастауыш сынып оқушылары әлеуметтік жағдайына қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 1,2 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді.
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА 40 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ТЕГІН ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

⠀Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп, ас мәзірі бекітіліп жатыр. Мәзірде құрамында балалардың жасына, физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келетін тамақ өнімдері болуы тиіс.

⠀Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларымен қатар балабақшадағы көпбалалы отбасынан шыққан 5700 бала тегін тамақтанады.

⠀Жұмыс барысын тексеру мақсатында мектептерде Абай облыстық білім басқармасының өкілдері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері мен ата-аналар кіретін мониторингтік топ құрылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Кеше 16:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2023
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar