
Сондай-ақ, Абай облысында «Мектепке жол» республикалық акциясы өтіп жатыр. Іс-шара аясында демеушілер есебінен жалпы сомасы 11 985 850 теңгеге 867 балаға көмек көрсетілді. Демеушілердің қатарында өңірдегі шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, білім беру мекемелерінің педагогтары, ХҚКО, әкімдік бөлімдері және т.б. бар.
Бұдан бөлек, облыс көлемінде 1 609 бала «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан қосымша көмек алады. Еске салсақ, «Мектепке жол» акциясы 2023 жылдың 31 қыркүйегіне дейін жалғасады.