USD502.47EUR525.83RUB5.68

Алакөлді аялайық

15 тамыз 2023, 15:33
Алакөлдің жағасына келушілердің қатары күн сайын артып келеді. Шипалы көлдің еліміз ғана емес, алыс-жақын шетелдік туристер үшін де тартымды бола беруі әрқайсымыздың қолымызда екенін ескертеміз.
Алакөлді аялайық

Алакөлдің жағасынан тазалық қызметкерлері күніне 10 тоннаға жуық қоқыс шығарады

Жазғы туристік маусымда көл жағасында санитарлық тазарту жұмыстарымен Үржар ауданы әкімдігінің «Мақаншы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айналысады. Тазалық жұмыстары таңғы 5:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жүргізіледі.

Жағалау мен арбатта күніне 3 рет санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп отырады. Жол жиектері қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартылады. 

Сонымен қатар, қосымша 200 қоқыс контейнері сатып алынып, демалыс базаларының аумағында қосымша 40 қоқыс жәшігі орнатылды. Күн сайын Алакөл көлінің жағасынан 10 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады.

Туристерді тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырамыз, себебі көлдің демалушыларға қолайлы болуы ең алдымен әр байланысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar