USD502.47EUR525.83RUB5.68

Білім ошақтары жаңа оқу жылына толығымен дайын

11 тамыз 2023, 17:11
Көкпекті ауданындағы мектептердегі жөндеу жұмыстары білім бөлімінің тұрақты бақылауында.
Білім ошақтары жаңа оқу жылына толығымен дайын

Биыл Көкпекті ауданының 10 білім беру ошағына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 147 млн теңге бөлінді. Жұмыс 2023 жылдың 15 тамызына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Преображенка орта мектебінде, Шәріптоғай негізгі мектебінде, Жансүгіров атындағы орта мектебінде ғимарат шатырын жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл маңызды жоба білім беру барысында қауіпсіз және жайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ, Көкпекті ауданындағы мектептерде қазандық пен жылу құбырын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ескі жабдықтарды заманауи және экологиялық таза жылу жүйелеріне ауыстыру көзделген.

Қазіргі таңда Абай атындағы мектеп балабақша кешені мен Биғаш негізгі мектебінде жөндеу жұмыстары жүргіп жатыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar