
Бүгінде Семей қаласындағы маңызды жылу магистральдары мен жылумен жабдықтау желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Д.Гариков арнайы қаладағы: ЦТП-518, ЦТП 401, Би-Боранбай көшесінен Физкультурная көшесіне дейінгі магистральдық жылу желісі, «Орталық» қазандығын, ЖЭО-1-ден павильон – 4-ке дейін нысандарына барып, жұмыс барысын бақылады. Әкім орынбасары мердігер компания басшыларына осы жылдың 15 қыркүйегіне жөндеу жұмыстарын аяқтау және бірқатар тапсырмалар берді. Айта кетсек, жылыту маусымына дайындық белгіленген жоспарларға сәйкес жүріп жатыр және облыстық штабтың тұрақты бақылауында.