
Сонымен қатар, аймақ басшысына ұзақ уақыт бойы баспана құжаттарын шеше алмай жүрген Бородулиха ауданының тұрғындары жүгінді. Облыс әкімі отбасыға мәселені шешу үшін қажетті көмек көрсетілетінін атап өтіп, жауапты органдарға бұл сұрақты қайта қарауды тапсырды. Айта кету керек, әкімнің жеке қабылдауына келгендердің қатарында ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары да болды. Олар өңір әкіміне колледждер жанынан мүмкіндігі шектеулі балалар кәсіпті игере алатын инклюзивті топтар ашуды сұрады. Бұл өтініш те қанағаттандырылып, 2023-24 жаңа оқу жылында екі колледжде ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған инклюзивті топ құрылады. Инклюзивті топқа түсу үшін талапкерге дәрігерден анықтама алуы қажет. Талапкерлер құжаттарды осы жылдың 20-шы тамызына дейін тапсыру керек.