USD452.12EUR508.95RUB5.41

Жарма ауданында металлургтер күні аталып өтті

19 шілде 2023, 17:19
Жарма ауданының Әуезов кентінде металлургтер күніне орай мекеме қызметкерлері арасында шағын футбол ұйымдастырылды.
Жарма ауданында металлургтер күні аталып өтті

Спорттық шараға 8 команда өзара сынға түсіп, мықтылар анықталады. Жарысты ұйымдастырдың негізгі мақсат- жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
⠀
Ойын барысы қызықты өтіп, тартысты бәсек барысында командалар жақсы тактика қолданып ойнады, ойыншылар жақсы ойын техникасын көрсетті.
⠀
Шараға аудан әкімінің орынбасары Райым Нұрғалиев қатысып, кәсіпорын қызметкерлері мен еңбек ардагерлері құттықтады.
⠀
-Металлург – тау-кен өнеркәсібі саласындағы аса маңызды кәсіп. Бұл саланың аудан өнеркәсібінде де жетекші орынға ие екендігін атап өткен жөн. «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымын, ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтамыз, - деді Р.Нұрғалиев.
⠀
Ойынның қорытындысы бойынша І орынды «Аякс» командасы жеңіп алса, ІІ орынды – «Алтын» командасы, ІІІ орынды – «Энергетик» командасы иеленді. Ойын жақсы деңгейде өтіп жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен мадақтама қағаздары берілді.
⠀
Осы күні мереке құрметіне орай бәйге және көкпар және басқа да ұлттық жарыстар ұйымдастырылды.
⠀
Кешкісін эстрада әншілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтіп, жиналғандар мерекелік отшашуды тамашалады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2026
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar