USD502.47EUR525.83RUB5.68

МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАЛАҚЫ ТӨЛЕНДІ

17 шілде 2023, 16:57
Семей машина жасау зауытының жаңа инвесторы – «Oljakol» ЖШС ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін жалақы берешегін толығымен қайтаруды жоспарлап отыр.
МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАЛАҚЫ ТӨЛЕНДІ

СМЗ жұмысшыларының еңбекақысының кешіктірілуі аймақтағы өзекті мәселелердің бірі деуге болады. Жағдай облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. Аймақ басшысы аталған даулы мәселені шешу үшін бірнеше рет арнайы кеңестер өткізіп, зауыт басшылығына кәсіпорын жұмысшыларының, соның ішінде еңбек шарты бұрын бұзылған қызметкерлердің жалақы берешегін өтеуді жеделдетуді тапсырды.Облыс әкімдігі, жаңа инвестор мен жұмысшылар өкілдерінің бірлескен жұмысының арқасында мәселені шешудің нақты тетіктері қабылданды.

Мәселен, 2023 жылдың 10 шілдесінде «Oljakol» ЖШС мен «Семей машина жасау зауыты» АҚ еңбек ұжымы алдындағы қарызды өтеу және 2023 жыл ішінде жалақыны уақтылы төлеу туралы Меморандумға қол қойды.Бүгінгі таңда 106 қызметкерге ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларының жалақысы өтелді. Меморандумға сәйкес қалған берешек сомма 2023 жылдың қыркүйек айының соңына дейін қайтарылады.Қазіргі уақытта 2023 жылдың маусым айының жалақысын аударуып жатыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar