USD502.47EUR525.83RUB5.68

Абай облысында жанар-жағармай тапшылығы жоқ

11 шілде 2023, 16:42
Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов аймақ бойынша барлық жанар-жағармай құю стансалары штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.
Абай облысында жанар-жағармай тапшылығы жоқ

Сондай-ақ, басқарма басшысы бензин жетіспейтін аудандарға қосымша отын жіберілгенін жеткізді.
 
- Қазіргі уақытта жанармай қатысты жағдай тұрақты және барлық ЖҚС штаттық режимде жұмыс істейді. Өткен аптада Үржар және Аягөз ауданындағы мәселе бақылауда және облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жедел түрде шешілді. Аягөз қаласына 36 тонна, Үржарға 50 тонна АИ-92 маркалы бензин жөнелтілді. 100 тонна жанармай жеткізу жалғасуда. Бұл аудандағы барлық қажеттілікті жабады, - деп атап өтті ведомство басшысы.
 
Сондай-ақ, Рүстем Ворошилов бензинге қатысты шектеуді «ҚазМұнайГаз» мекемесі қабылдағанын хабарлады.

- Шектеуді «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы енгізді, жергілікті атқарушы орган мұны реттемейді. Алайда, мәселені тезірек шешу үшін біз көмек көрсетіп, АИ-92 бензинін жеткіздік. Бүгінде жанармай құю станциялары штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деп атап өтті ол.
 
Абай облысында 125 ЖҚС жұмыс істейді. Оның ішінде 109 жанармай құю станциясы дизель отынын сатады.

Облыстағы 19 мұнай базасы бар, онда бүгінде жанар-жағармай қоры жеткілікті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar