USD502.47EUR525.83RUB5.68

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ӨҢІРЛЕРДІ АРАЛАДЫ

10 шілде 2023, 16:23
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайытов Абай облысына сапарын Ақсуат ауданынан бастады. Мәжіліс депутаты «AMANAT» партиясының Ақсуат аудандық филиалында тұрғындармен кездесіп, азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады.
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ӨҢІРЛЕРДІ АРАЛАДЫ

 

Жұмыс сапары барысында Ринат Рифхатұлы Ақсуат ауданының психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған жартылай стационарлық оңалту әлеуметтік-медициналық орталығында болып, мекеме жұмысымен танысты. Ақсуат аудандық мәслихат төрағасы Ж.Оразғалиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Т.Аханжанов, оңалту орталығының директоры Лаура Сәрсенбаева ем алушы балаларға арналған тиісті қызмет түрлерін көрсетіп, жан-жақты ақпарат берді. Алға қойған жоспарларымен бөлісті. Мәжіліс депутаты аудан тұрғындарымен кездесу барысында түйткілді мәселелердің көптігін, оның ішінде ауыз су мәселесі өзекті болып тұрғанын атап өтті.

«Ақсуат ауданынан басталған өңір тұрғындарымен кездесулерде көтерілген мәселе аз емес. Ең негізгісі – ауыз су мәселесі. Ауданда су резервін сақтайтын қойманың жоқтығы жергілікті халықтың жанына әбден батқан. Екінші, жайылым жерлері. Оның сыртында да сұрақтар аз емес. Өңір бойынша қойылған жоспарлардың іске асуына ат салысу керек. «AMANAT» партиясының қазіргі ұстанымы – халықпен тікелей тілдесу. Оны дәлелдеу – біздің міндет», — деді Ринат Зайытов.Сондай-ақ халық қалаулысы Екпін ауылында 150 орындық мәдениет үйі мен 2 пәтерлі екі үй құрылысымен танысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar