USD521.67EUR592.46RUB6.32

Абай облысы білім басқармасының кезекті алқа отырысы өтті

03 шілде 2023, 16:25
Абай облысы білім басқармасының басшысы Н.Ахметқалиевтің төрағалығымен алқа отырысы өтті. 
Абай облысы білім басқармасының кезекті алқа отырысы өтті

Құрметті қонақ ретінде Абай облысы ПД МПҚБ полиция полковнигі Утепов Асет Амангелдіұлы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Нұржан Нұрлыбекұлы Толыбеков шақырылды.

Алқа отырысына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, бас экономистері және әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, мамандандырылған, арнайы (түзету), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары, кәсіподақ ұйымының өкілі, облыс орталық мамандары қатысты. Алқа отырысы аясында Семей қаласы мектептерінің үздік жобалар көрмесі ұйымдастырылды.

Білім басқармасы басшысының орынбасары А.Нүскенова білім басқармасының 2022-2023 оқу жылының қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге қойылған міндеттерді айтып, білім беру жүйесінің барлық көрсеткіштерін, мектепке дейінгі, орта және техникалық білім берудегі реформалардың нәтижелерін нақтылап, еліміздің болашағы үшін мақсатты жұмыс істеу қажеттігін ерекше атап өтті.

Білім басқармасы басшысының орынбасары А. Метчинов Облыстың білім беру жүйесін қаржыландыру туралы сөз алды.

Алқа отырысында  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Н. Толыбеков, Абай облысы «Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің» басшысының м.а. Ж.Камбетов,  Абай облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы С. Ибраев сөз сөйледі. 

Басқарма басшысы 2022-2023 оқу жылында төмен білім сапасы көрсеткішін көрсеткен аудандық, қалалық білім бөлім басшыларына талап қойды. Келесі оқу жылында әр аудан, қалада білім сапасын көтеруге бағытталған білім беру жобалараның болу керектігін атап өтіп, нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, мамандандырылған, арнайы (түзету), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, білім беру мекемелері мемлекеттік аттестаттаудан өтуге дайындықтарын күшейту қажеттігін баса айтты. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен білім беру мекемелерінің арасындағы байланысты нығайтуға баса назар аударуды талап етті.

Іс-шара соңында алқа жұмысы қорытындыланып, алқа соңында қарар қабылданып, ұсыныстар берілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

4 сағатқа жетпей
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar