USD502.47EUR525.83RUB5.68

Абай облысының қоржынында кезекті жүлделі командалық орын

26 маусым 2023, 16:29
Абай облысының білім басқармасы және «Дарын» ҒӘО дарынды оқушыларды тәрбиелеуге, оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу- танымдық қызметін ынталандыруға үлкен мән беріп жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық және халықаралық олимпиадалар мен зерттеу жобалары конкурстарында жүлделі орындарға ие болуға мүмкіндіктер ашуда.
Абай облысының қоржынында кезекті жүлделі командалық орын

Ағымдағы оқу жылы республикалық зерттеу жобалары конкурсының (РЗЖК) облыстық кезеңіне 235 оқушы қатысты.

Зерттеу жобалары конкурсының республикалық кезеңінде Абай облысынан 13 ғылыми жоба бойынша   17 оқушы қатысып, 10 жүлделі, атап айтқанда 4 алтын, 3 күміс және 3 қола медальға және 3 грамотаға ие болды.

Зерттеу жобалары конкурсының республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша Абай облысының командасы «Ең үздік команда -2023» сыйлығымен марапатталды.

Бұл облыстың дарынды оқушыларының қоржынындағы екінші командалық орын.

Республикалық математикалық «Бастау» турнирында жас математиктер командасы 2 орынды иеленген болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar